Препарат туралы ақпарат

Фолацин® таблеткалары құрамында 5 мг фолий қышқылы бар

Фолий қышқылы В дәрумендері (В9 дәрумені) тобына жатады және эритроциттердің қалыпты түзілуі және  жетілуі үшін қажет.

Емдеу үшін:

жеткіліксіз немесе теңгерімсіз тамақтанудың, мальабсорбция синдромының, салдарынан фолий қышқылының тапшылығынан туындаған мегалобластикалық анемияда, фолий қышқылына жоғары қажеттілікте (мысалы, жүктілік кезеңінде)

Профилактикалау үшін:

дәрілік заттарды (фенитоин, фенобарбитал, примидон) қабылдаудан немесе созылмалы гемолитикалық жай-күйдегі немесе гемодиализдегі фолий қышқылының тапшылығы, фтолаттарды (метотрексат) ұзақ уақыт қолданудан туындаған фолий қышқылының тапшылығы,

жүктілікті жоспарлаған және қауіп тобына жататын әйелдерде шарананың жүйке түтігі ақауларының дамуы.

5 мг фолий қышқылы жүкті әйелдердегі фолий тапшылығы анемиясын емдеу үшін 30.10.2020 ж. ҚР ДСМ №119 диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларына ұсынылды.

ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОЛДАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚТЫ МҰҚИЯТ ОҚЫҢЫЗ.
ӨЗ БЕТІМЕН ЕМДЕЛУ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗҒА ЗИЯН БОЛУЫ МҮМКІН.

Ядран компаниясының препараттары көмектесе алатын жалпы мәселелер

Қынап микрофлорасының теңгерімсіздігі

Қынап микрофлорасының теңгерімсіздігі

Қынаптың микрофлорасы бірқатар факторларға байланысты бұзылуы мүмкін – стресстен, аурудан немесе суық тиюден туындаған иммундық жүйенің әлсіреуінен бастап, қынаптың микрофлорасының сапасына әсер ететін антибиотиктер немесе контрацептивтер сияқты дәрілік препараттарды қолдануға дейін. Ең жиі кездесетін симптомдар - қышу, ашытып күйдіру және жиі қынаптан бөлініс иісі сияқты субъективті мәселелер.

Көбірек біліңіз
Климакс

Климакс

Климакс - бұл әйелдердің репродуктивті функциясының жойылу кезеңі, ол соңғы етеккірден бірнеше жыл бұрын және соңғы етеккірден бірнеше жыл өткен соң уақыт аралығын біріктіреді.

Климактериялық синдром-бұл климактериялық кезеңде әйелдерде пайда болатын және жүйке-психикалық, вегетативті-тамырлы және алмасу-трофикалық бұзылулармен сипатталатын патологиялық жағдай.

Көбірек біліңіз

Бұл веб-сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету және тәжірибеңізді жақсарту үшін біз cookie файлдарын пайдаланамыз. Толық ақпарат алу үшін Құпиялылық және жеке деректерді қорғау саясатын оқыңыз.